Бүгін, 4 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының бесінші жарыс күні өтіп жатыр.
Қазақстан атынан рингке бірінші болып шыққан Дулат Бекбауов 67 келідегі 1/4 финалда малазиялық Арифф Айман Мухаммадпен жұдырықтасты. Қазақ боксшы қарсыласын әр раундта есеңгіретіп, нокдаунға түсіріп отырды да, үшіншісінде төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылай Дулат техникалық нокаутпен жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
В 1/8 финалда Бекбауов тайбейлік Ванг Чиуанды жеңген болатын.
Бүгін 75 келідегі Диас Молжігітов 11-ші жұпта жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда оның жапониялық қарсыласы Дайго Сунага жарысты жалғастырмайтын болды да, Диас жартылай финалға өтті.