Азия чемпионатында қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшылар Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Vesti.kz.
Жарыстың екінші күні рингке алты қазақстандық боксшы шығып, барлығы жеңіске жетті.
- Ернар Қарап (48 кг) иорданиялық Махер әл-Машалехті төрешілер шешімімен жеңді;
- Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) Шығыс Тимордан келген Деонисио Дови Монтерио Рамостан төрешілер шешімімен басым түсті;
- Ерболат Сабыр (57 кг) төрешілер шешімі бойынша қырғызстандық Ислам Торобаевтан үстем болды;
- Ерасыл Танқай (63,5 кг) да қырғызстандық Аскатбек Чомоновты жеңді;
- Елнұр Сүйінбай (67 кг) бірінші раундта иорданиялық Омар әл-Хадидиді техникалық нокаутпен жеңді;
- Сабыржан Аққалыков (71 кг) төрешілердің бөлек шешімімен қырғызстандық Эльдар Турдубаевтан басым болды.
Турнирдің бірінші күні бес қазақстандық боксшы жеңіске жеткен болатын. Ал бұл жарыс 10 мамырға дейін жалғасады.
Жарнама