Азия чемпионаты: қазақстандық бірінші боксшы финалға шықты

©ҚБФ

Жайна Шекербекова бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

54 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз Тайваньнан келген Хуан Сяо Веньмен қолғап түйістірді.

Тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша Шекербекова 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Жайна Шекербекова спорттық жолында әлем чемпионаттарында қола және күміс жүлдеге іліккен. 2010 жылы Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2014 жылы Азия ойындарының күміс медалін еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар