Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өткен барлық қазақстандық боксшы іріктелді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің бұл кезеңіне 21 боксшы өтіп, олар жарыстан кемі қола жүлде еншілейді.
Ерлерден 1/2 кезеңге өткендер: Санжар Тәшкенбай (48 келі), Сәкен Бибосынов (51), Сабырхан Махмұт (54), Серік Теміржанов (57), Саматәлі Төлтаев (60), Дулат Бекбауов (67), Асыланбек Шымбергенов (71), Нұрқанат Райыс (75), Нұрбек Оралбай (80), Сағындык Тоғамбай (86), Айбек Оралбай (92), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).
Бұрымдылардан 1/2 кезеңге өткендер: Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50), Жазира Орақбаева (52), Жайна Шекербекова (54), Карина Ибрагимова (57), Мадина Нұршаева (66 кг), Дариға Шакимова (70), Гүлсая Ержан (81 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 келі).