| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:41
 

Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан 30 жүлдемен екінші болды

  Пікірлер

blog.share

Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан 30 жүлдемен екінші болды ©ЖИ

Индонезияның Джакарта қаласында 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 30 жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Индонезияның Джакарта қаласында 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 30 жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші

Екі аптаға созылған құрлық біріншілігінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері барлық жас санаттарында жүлде үшін бақ сынады.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 11 алтын, 11 күміс және 8 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Ал Өзбекстан құрамасы ешкімге дес бермей, бірінші орынды жеңіп алды.

U-23 санатындағы қорытынды

23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы жарыста Өзбекстан құрамасы 10 алтын, 3 күміс және 5 қола көш бастады.

Қазақстан құрамасы 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты.

Үшінші орынды 3 алтын, 5 күміс және 7 қола жеңіп алған Үндістан құрамасы иеленді.

Одан кейінгі орындарға Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Вьетнам, Бутан, Филиппин, Таиланд, Катар және Тайбэй құрамалары орналасты.

U-19 санатындағы нәтижелер

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында да Өзбекстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Көрші елдің боксшылары 11 алтын, 3 күміс және 1 қола жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы 5 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен екінші орынға ие болды.

Үшінші сатыға 2 алтын, 7 күміс және 4 қола еншілеген Үндістан құрамасы көтерілді.

Алғашқы бестікке Оңтүстік Корея мен Индонезия да енді.

Сондай-ақ бұл Азия чемпионатында Жапония, Тайбэй, Таиланд, Қырғызстан, Вьетнам, Тәжікстан, Моңғолия, Катар және Филиппин құрамалары да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Қазақстан атынан 39 боксшы өнер көрсетті

19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтті.

Қазақстан намысын ерлер және әйелдер арасындағы екі жас санатында 39 боксшы қорғады.

Қорытындысында ұлттық құрама турнирді 30 жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте тек Өзбекстан құрамасына ғана жол берді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!