Азия чемпионаты алдындағы ең маңызды турнирге қатысатын құрама боксшылары іріктелді

©ҚФБ

"Елорда кубогі" халықаралық турнирі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар елдің бокс құрамасы бірлесіп оқу-жаттығу жиыны өткізіп жатыр. Атап айтсақ, Қазақстан, Жапония мен Қырғыз Республикасының таңдаулы боксшылары шеберліктерін шыңдаса, бапкерлер тәжірибе алмасып жүр.

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып жатқан турнирге 10 елдің құрамасы қатысады. Бұл қатарда Куба, Үндістан, Жапония, Өзбекстан мен өзге елдер бар. Ал жарыс қожайынын Қазақстан барлығы 3 жарым құрам қосады.

Бұл бәсеке қорытындысы бойынша биыл қазан-қараша айында өтетін бокстан Азия чемпионатына аттанатын біздің құрама іріктеледі.

Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімі: Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Мәди Әміров, Тимур Нұрсейітов, Дамир Тойбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Сәкен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Сағындық Тоғамбай, Абзал Құттыбеков, Асланбек Шымбергенов, Дулат Бекбауов, Бейбарыс Жексен, Елнұр Сүйінбай, Махмұд Сабырхан, Абзал Серік, Саматәлі Төлтаев, Санатәлі Төлтаев, Ермахан Жакпеков, Әділет Құрметов, Ерасыл Жакпеков, Теміртас Жүсіпов, Оразбек Асылқұлов, Сұлтан Мусинов, Серік Теміржанов, Аятулла Такижанов, Бауыржан Байгошеков, Қуан Қуатов, Дамир Әбдіқадыр, Бақтияр Смағұлов, Дархан Дүйсебай, Жәнібек Қартбаев, Даниял Сәбит, Нұрсұлтан Нуриденов, Сабыржан Аккалыков, Василий Самчук, Нұрқанат Райыс, Олжас Байниязов, Нұрсұлтан Алтынбеков.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport