Бокс
Бүгін 10:53
 

Азиадада төрешілер қазақстандық боксшыны "аяқтан шалды"

  Пікірлер

blog.share

Азиадада төрешілер қазақстандық боксшыны "аяқтан шалды" ©

Қазақстандық Наталья Богданова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарынның финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық Наталья Богданова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарынның финалына өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол Үндістан боксшысы Ловлина Боргохаинге 2:3 есебімен жол берді. Осылайша, Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бірінші раундта Богданова басым түскен, алайда, екінші раундта төрешілер 5:0 есебімен басымдықты толықтай үндістандыққа берді. Мұндай есеп күмән тудырды. Осыған дейін Виктория Графееваның жеңілісі де үлкен сұрақ тудырған болатын. 

Бұған дейін Қазақстанның тағы бір өкілі Алуа Балқыбекова (51 келі) жартылай финалдық жекпе-жегінде жеңіліп қалған еді.

Бүгін Қазақстан атынан тағы екі боксшы өнер көрсетеді:

1/2 финал

10:45. 55 келі: Махмұд Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин);

11:00. 70 келі: Төрехан Сабырхан - Шавкатджон Болтаев (Өзбекстан).

Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!