Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Тұрабек Хабибуллаевтан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.
Нұрбек Оралбай - 2023 жылғы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған.
Тұрабек Хабибуллаев - 2024 жылғы Азия және 2025 жылғы әлем чемпионы. Оның қоржынында 2022 жылғы жазғы Азия ойындарының қоласы бар.
Бұл - 28 қыркүйектегі Қазақстан бокс құрамасының алғашқы жеңілісі. Бүгін ширек финалдағы жекпе-жектерінде Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (75 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Махмұд Сабырхан (55 келі) жеңіске жетті.
Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.