Бокс
25 ақпан 2021 08:56

"Азаптауды қай раундта тоқтатады". Сарапшы "Канелоға" қатысты қызықты сұраққа жауап берді

Сурет: DAZN

Түркиялық Авни Йылдырымға қарсы жекпе-жекте мексикалық Сауль "Канело" Альварес анық басым болатыны белгілі, дегенмен бұл айқастың қызығы да жоқ емес. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық бокс сарапашысы Ли Кормли осындай пікір білдірді. Сонымен қоса, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен трилогияға қатысты ойын айтты. 

Айта кетейік, "Канелоның" суперорта салмақтағы WBC және WBA титулдары үшін Йылдырыммен жекпе-жегі 27 ақпан Майамиде өтеді.

"Авни "Канелоның" кейінгі уақыттағы ең жеңіл қарсыластарының бірі. Түркиялық боксшының Альвареске қарсы қояр бірде-бір артықшылығы жоқ. Олар екі басқа деңгейде. Барлығын тек екі жағдай қызықтырады. Біріншісі - "Канелоның" физикалық формасы қандай деңгейде және екіншісі - қарсыласын азаптауды қай раундта тоқтатады. Мексикалықтың жоспары осы жылды қанық ету. Егер Сондерспен шығатын болса, онда биыл Головкинмен жұдырықтаспайды. "Канелоның" командасы нақты стратегия ойластырады, сондықтан бір жылда екі бірдей ауыр айқас өткізе қоймас. Сондерс пен GGG қауіпті. Олармен қатар жұдырықтасу қатерлі. Меніңше, біз Головкин - "Канело" трилогиясын келесі жылы көктемде көреміз", - дейді Кормли.