"Айтқанымды қиып тастаған". Қазақ боксшы Қанат Ислам туралы даулы видеодан кейін күтпеген мәлімдеме жасады

9 қыркүйек 2019 16:34
© SportX.kz

Қазақстан азаматтығын алған кәсіпқой Елшат Нығметоллаұлы белгілі боксшы Қанат Исламмен арада ешқандай реніші жоғын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын Нығметоллаұлының Youtube-тегі ALAMAN LIFE арнасына берген сұхбаты жарияланған болатын.

Онда боксшы өзінің жерлесі әрі кәсіпқой бокстағы жол бастар ағасы Қанат Исламға ренішін білдірген болатын. 

Елшаттың сөзінше, бұл сұхбатты журналистер бұрмалап жіберген. Ал видеода айтылған дүниелер қиылып, екі боксшы арасында қара қазандай реніш бардай көрсетілген. 




"Ассалаумағалейкум бауырластар! Менің жақында менің сұхбатымды көрген боларсыздар. Онда екеуімізді қиюластырып, жаман жағынан көрсетіп қойған. Менің негізі Қанат Исламға қатты кеткен қара қазандай ренішім жоқ, мен тек өкпемді айтқан едім. Не үшін? Өйткені Qazaq Promotions мен Қанат Исламды бір екен деп ойлағанмын. Бірақ менің олай емес екеніне көзім жетіп отыр. Мен сөзімде тұра алам, алдыңғы сұхбатта айтылғандай ол кісіге сәттілік тілейтінім, қазақтың батыры екенін мойындайтыным айтылған. Ол - дұрыс. Бірақ ешқандай қатты кеткен жерім жоқ. Тек журнлистер сұхбатты қиыстырып, солай жасалған. Оған көз жеткізсеңіздер де болады. Маған ол кісі Қазақстанға келгенімде көмек берген. Ол кісіге тек рахмет", - дейді Елшат Нығметоллаұлы.

Жаңалықтар