Айтжанов Ташкентте қазақ боксшыны "аяқтан шалғанына" қатытсы ойын айтты

©ҚБФ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем чемпионатында Талғат Сырымбетовтың даулы жеңілісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Bassport.kz-ке сілтеме жасап. 

Ташкенттегі ӘЧ-де қазақстандық боксшының айқасы даулы шешіммен бітті

Қазақстан құрамасына алғаш қосылған Талғат 60 келідегі 1/16 финалда төрешілердің бөлек шешімімен Азия чемпионы, иорданиялық Мохамед Әбу-Джаджехке есе жіберді. 

"Әлем чемпионаты болған соң, барлық жекпе-жек тартысты өтеді. Қарсыластардың бәрі де мықты дайындықпен келген, олардан үнемі бір саты жоғары болу қиын. Талғаттың қарсыласы да осал емес. 2022 жылғы Азия чемпионы атанған спортшы. Кездесу оңай болған жоқ, бірақ біз боксшымызға ризамыз. Барын салды, аянған жоқ. Біздің тапсырмамызды шама келгенше орындады. Өзім де оны жеңілді деп ойламаймын. Бірақ төреші қарсыластың қолын көтерген соң, жеңіліске көнуге тура келеді. Амал жоқ.

Үшінші раундта бұдан да жақсы жұдырықтасуға болатын еді. Сырымбетовке тәжірибе жетпеді. Ол басқа боксшыларымыз секілді екінші немесе үшінші әлем чемпионатына қатысып жатқан жоқ. Әлем біріншілігіне алғаш рет келіп отыр. Сол тәжірибенің аздығынан, жеңіске деген құштарлығының тым қатты болуынан бассыз алға кеткен кездері болды. Сондай сәттерде, ашық төбелеске кеткенде соққы жіберіп алады. Жеңіске деген асқан құштарлықтың кері әсері де болатынын ұмытпау керек.

Талғат әрі шыңдалады, ысылады, тәжірибе жинайды. Оған ризамыз. Ал шағым түсіруге келетін болсақ, аппеляцияны кез-келген кездесуден соң қабылдай бермейді. Есеп 2:3 болғанда немесе тым қатты күмәнді жағдайлар тіркелгенде ғана қабылайды", - деді Мырзағали Айтжанов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport