Айтжанов құрама капитаны неге Елорда кубогіне қатыспайтынын айтты

©Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов "СПОРТ МИНИСТРІ" youtube арнасына берген сұхбатында команда капитаны Асыланбек Шымбергенов неге Elorda Cup турниріне қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

- Асыланбек Шымбергенов турнирге қатысаудан босатылды ма?

- Иә, оның жарақаты болды. Емделіп жүрді, бірақ оқу-жаттығу жиындарына толық қатысты. Алайда мен оны босаттым. Ол - команда капитаны, тәжірибелі боксшы, әлем чемпионы. Оның үстіне тәртіпке берік. Мен оны білемін, сондықтан ол уақыт ішінде бабынан таймайды, ал бұл турнир оған керегі жоқ. Бірнеше ұсақ жарақаты бар, соны емде дедім. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport