Айтжанов Қонқабаевтың құрамадағы болашағына қатысты шешімін айтты
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Қамшыбек Қонқабаевтың ұлттық командадағы болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Қамшыбек Қонқабаевтың ұлттық командадағы болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ташкентте өткен әлем чемпионатының ширек финалында 92 келіден аса салмақтағы Қамшыбек бұрынғы қарсыласы өзбекстандық Баходир Джалоловты жеңе алмады.
Qazaqstan арнасындағы эфир кезінде Айтжанов жанкүйерлер Қонқабаевқа салмақ ауыстыру керек деп жатыр деген сұраққа жауап бере отырып, былай деді:
"Жанкүйерлерге рахмет. Мүмкін мұны аяғаннан айтатын шығар, бірақ маман ретінде айтайын, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бой мен салмаққа қарау керек. Салмақ түсірудің өзі өте ауыр процесс. Сондықтан ол осы салмақта қалады, ары қарай жұмыс істеп, есе қайтаруға тырысады".
Жарнама