Айтжанов Қамшыбек пен Джалоловтың Олимпиадада айқасуына қатысты мәлімдеме жасады

26 желтоқсан 12:31
©Данияр Майлыбаев

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ауыр салмақтағы боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалоловтың текетіресіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

- Қамшыбек Азиададағы Джалоловпен өткен жекпе-жекке көңілі толатынын айтты. Чемпион болмаса да, лицензия жеңіп алды. Ол Баходирді жеңудің жолын тапқандай болды ма?

- Олай деуге де болатын шығар. Қамшыбек - ауыр салмақта әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Баходир да мұны біледі және оны қарсылас ретінде құрметтейді. Шынын айтқанда Баходир көптеген боксшыны сезбейді де, ал Қамшыбекпен қиындықтарға ұшырайды. Олар бір-бірін жақсы біледі. Қамшыбек Олимпиадаға мақсат қойып отыр. Париждегі ринг көрсетеді", - дейді Айтжанов QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар