Қазақстандық былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
92 келіден жоғары салмақта сынға түскен жерлесіміз турнирдің ширек финалында оңтүстік кореялық До Хен Киммен қолғап түйістірді.
Үш раунд қорытындысы бойынша Қоңқабаев қарсыласын 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Ауыр салмақтағы Қызылорда бокс мектебінің түлегі осы жеңісінен кейін кем дегенде қола жүлдені еншілейді.
Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола медалисі.