Бокс
27 наурыз 2020 16:59

"Айқастан ешкім қаша алмайды - 100 пайыз жауап берем". Сондерс "Канеломен" жекпе-жек туралы

Сурет: Fightnews.info
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы жекпе-жегіне қатысты жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды vRINGe.com.


Жекпе-жек 2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған, алайда, коронавирус пандемиясына баланысты ол туралы әлі күнге ресми құлақтандырылмады. 

"Альвареспен жекпе-жек нақты болады. 100 пайызға жауап берем. Мәселе оның қашан өтетіндігінде, міне мұны білмеймін. Екеуміз де келісімшартқа қол қойдық, сондықтан, айқастан ешкім қаша алмайды. Иә, коронавирусқа байланысты бәрі сапырылысып кетті. Бірақ білуімше, Альварестің келесі қарсыласы қалайда мен боламын", - дейді Сондерс.