Бокс
22 ақпан 2022 10:56

"Айқасқысы келмейді". "Канелоға" ең қауіпті боксшының есімі айтылды

©Lenta News

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін жеңілмеген мексикалық боксшы Хильберто Рамирес (43-0, 29 КО) отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) үшін ең қауіпті қарсыласты атады, деп хабарлайды vRINGe.com.

- "Канелода" Чарло, Бенавидес, Бивол мен Головкинге қарсы жекпе-жекке шығатын мүмкіндігі бар. Сіз қайсыны тамашалар едіңіз?

- Меніңше, Бенавидес пен Чарло. Ал жеке өзім Дмитрий Биволмен айқасқым келеді. Мен оны шақырып жатырмын, бірақ, жауап жоқ.

- Неге олай деп ойлайсыз? "Канелоны" күтіп отыр ма?

 - Сәтін күтуде. Ол титулдан айрылып қалуы мүмкін.

- Ал сізде қалай? Барлығы "Канелоны" күтіп жүрген сияқты.

- Иә, бәрі "Канелоның" шешімін күтіп отыр. Не боларын білмеймін. Қазір ешкім атақ үшін айқасып, аңыз болғысы келмейді. Қалайтындары тек ақша. Кейде болсын адамдарға көргісі келетін жекпе-жектерді беру керек.

- Сіз Биволмен спарринг өткізгенсіз, дұрыс па?

- Иә.

- Бенавидеспен де?.

- Иә.

- Головкинмен спарринг өткіздіңіз бе?

- Жоқ.

- Бенавидес және Бивол екеуінің қайсы "Канело" үшін қауіптірек?

- Меніңше, Бенавидес.

- Неге?

- Ол жылдам, ірірек. Оның күші бар. Міне сондықтан олар онымен айқасқысы келмейді.

Әлімханұлы 31 нокауты бар "Канело" ізбасарымен чемпиондық айқасқа шығады

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport