Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбектің (16-0,12 КО) келесі жекпе-жегіне қарсыласы ауысып кетті, деп жазады Vesti.kz.
27 жастағы Сұлтан 1 наурыз Ұлыбританияның Телфорд қаласындағы Telford International Centre аренасындағы бокс кешіне қатысады. Бастапқыда қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Карлос Даниэль Кордоба (16-11, 4 КО) болған.
Алайда Сұлтанның сөзінше, Кордоба жарақат алып қалыпты, енді оның орнына колумбиялық Виктор Хулио (17-10, 9 КО) жұдырықтасады.
"Менеджерден хабарлама келді. Қарсыласым жарақат алып қалыпты, енді жекпе-жекке үшін күн қалғанда қарсылас ауысты. Мен кез келгеніне дайынмын", - деп жазыпты қазақстандық боксшы.