Бокс
Кеше 11:42
 

Айқасқа шыға алмағаны үшін. WBO жеңілмеген қазақ боксшыны "жазалады"

  Пікірлер

blog.share

Айқасқа шыға алмағаны үшін. WBO жеңілмеген қазақ боксшыны "жазалады" ©instagram.com/meiirim.nursultanov/

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. 

blog.share

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты. 

Жаңа тізімде орта салмақтағы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) төртінші орыннан жетіге түсіп қалды. Ал алғашқы үштік өзгерген жоқ: британиялықтар Хамза Шираз, Дензел Бентли және америкалық кіші Шейн Мозли. Ұйым чемпионы Жәнібек Әлімханұлы. 

Еске салайық, Нұрсұлтанов кейнігі рет 2023 жылы қарашада жұдырықтасып, WBC желісі бойынша чемпионға үміткерді анықтайтын айқаста чилилік Хулио Аламосты жеңген болатын. 

Содан кейін, биыл 13 шілдеде Мейірім кезекті айқасын өткізу керек еді, алайда ол өтпей қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!