"Айқасқа дайынмын". Энтони Джошуа украиналық Александр Усикпен өтетін реванш жайлы

©stuki-druki

Ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Энтони Джошуа Александр Усикпен өтетін айқасқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Кезінде рингке шығып, өзіңнің мықты тұстарыңды көрсетіп жеңіске жеткен кездер болды. Бұл жолғы жекпе-жекте дұрыс тактика таңдай алмадым. Әлі де өзімнің көпшілікке көрсетпей жүрген айла-тәсілдерім бар. Усикпен ертеререк кездесіп, оған қарсы әзірлеген тактикамды көрсеткім келеді. Алдағы айқасқа дайынмын", - дейді британиялық боксшы.

Еске салайық, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында чемпион атанған Энтони Джошуа (+91) мен Александр Усик (-90) биылғы жылдың қыркүйегінде кәсіпқой рингте кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен украиналық былғары қолғап шебері WBA WBO IBF және IBO белбеулерін иеленді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: