Бокс
Бүгін 10:20
 

Айқас алды көзарбасу! Нұрсұлтанов чемпионның көзіне тік қарады

  Пікірлер

blog.share

Айқас алды көзарбасу! Нұрсұлтанов чемпионның көзіне тік қарады ©Main Events

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) америкалық кіші Хесус Рамоспен (24-1, 19 КО) жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) америкалық кіші Хесус Рамоспен (24-1, 19 КО) жекпе-жек алдындағы көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

20 қыркүйек күні таңертең Сан-Диегода (АҚШ) өтетін жекпе-жекте орта салмақта WBC-дің уақытша чемпионы атағы сарапқа салынады. Қазіргі таңда осы салмақтағы WBC-дің толыққанды әлем чемпионы - доминиканалық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО).

"Сан-Диегодағы тартыс қыза түсуде. Орта салмақта WBC-дің уақытша чемпионы Хесус Моно Рамос пен жеңіліп көрмеген үміткер Мейірім Нұрсұлтанов көптен күткен жекпе-жек алдында бетпе-бет кездесті", - делінген көз арбасу видеосының сипаттамасында.


Нұрсұлтанов үшін бұл жекпе-жек үш жылға жуық уақыттан кейінгі алғашқы айқас болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы Ташкентте рингке шыққан. Сол кезде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

Кәсіпқой карьерасында Нұрсұлтанов әзірге бірде-бір рет жеңілген жоқ. Оның еншісінде 20 жеңіс бар, соның он бірі нокаутпен.

Хесус Рамос та жеңіс сериясымен келеді. Былтыр желтоқсанында америкалық боксшы Сан-Антониода жекпе-жек өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша отандасы кіші Шейн Мозлиді (23-5, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!