Әйгілі Цзюдің ұлы бокс тарихында ешкім жасамаған қадамға бармақ

©championat.com

Әйгілі Костя Цзюдің үлкен ұлы Тим Цзю (21-0) болашақта ауыр салмаққа көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс"

"Геннадий Головкин менен бір салмақ дәрежесіне жоғары, Сауль Альварес - екі. Мен ауыр салмаққа көтеріле аламын. Бұл әзіл емес. Рой Джонс ортадан ауыр дивизионға көтерілген. Ал бірінші ортадан ауырға әлі ешкім өткен емес. Бұл менің басты мақсатым. Бұған 10 жылдан бері жүріп келемін.

Әрине, менің бірінші мақсатым - абсолют чемпион атану. Соған жеткеннен кейін ойыма келгенін істей аламын, тіпті ауыр салмаққа да өтемін. Энтони Джошуамен айқасамын. Денесінен бір-екі жақсы соққы жасаймын. Мұның қалай болатынын көрейік", - деп береді Тим Дзюдің сөзін WAtoday. 

Айта кетейік, Цзю 2023 жылдың 28 қаңтарында Джермелл Чарломен (35-1) бірінші орта салмақта абсолют чемпион атағы үшін айқасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport