Бокс
26 маусым 2021 15:52
 

Әйгілі Тайсон Фьюри Қазақстанға келеді - инсайдер

  Пікірлер

blog.share

Әйгілі Тайсон Фьюри Қазақстанға келеді - инсайдер сурет: getty images

Белгілі британдық былғары қолғап шебері Тайсон Фьюри Қазақстанға келуі мүмкін деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Белгілі британдық былғары қолғап шебері Тайсон Фьюри Қазақстанға келуі мүмкін деп хабарлайды Vesti.kz.

Кәсіпқой боксшы 24-шілдеде атақты америкалық Деонтей Уайлдермен кездесіп, жеңіске жеткен жағдайда қазан айында Алматыда МТК Global Kazakhstan менеджерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінің құрметті қонағы болады деп күтілуде. Бұл жайында отандық кәсіпқой бокста жүрген инсайдерлердің бірі хабарлап отыр.

Еске салсақ, Тайсон Фьюри әлемге танымал MTK Global компаниясымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Шілденің соңғы аптасында "Сыған королі" басым түскен жағдайда, тамыз айында боксшының Қазақстанға келуі жайында ресми түрде жарияланатын болады.

Фьюри кәсіпқой ринг төріне 31 мәрте шығып, оның 30-да қарсыластарын жеңсе, 1 рет тең түскен.

Жарнама

Живи спортом!