Әйгілі промоутер "Канело" үшін ең қауіпті қазақ боксшыны атады

©Meme-arsenal.com

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум екінші орта салмақта мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (56-1-2, 38 КО) ең қауіпті қарсылас бола алатын боксшыны атады.

Қазіргі таңда "Канело" бұл дивизионда WBC, WBA және WBO титулына ие. Ал 6 қараша ол IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен абсолют чемпион атағы үшін айқасады. 

"Мен жартылай ауыр салмақтағы жігіттерді атар едім. Джо Смит, Бетербиев сияқтыларды. Сосын тағы бір мықты жігіт бар. Ол орта салмақта, бірақ, екінші орта дивизионға да көтеріле алады. Ол "Канелоның" осы категориядағы ең мықты қарсыласы болады дегенге сенемін. Ол қарашада жұдырықтасатын боксшы, ол жігіт - қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы. Ол нағыз суперталант. Қазақтар - мықты жігіттер. Головкин де Қазақстаннан", - деп береді Арумның сөзін vRINGe.com.

"Ол иттің баласы сұмдық". Белгілі промоутер "Канело" туралы

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар