Алты салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазір промоутер Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мексикалық Хайме Мунгияға (41-0, 33 KO) жақсы қарсылас болатынын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 2018 жылы жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда ол кезде Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық мұндай айқасқа дайын емес деп жекпе-жекке рұқсат бермеді.
"Хайме кіммен болса да айқасуға дайын. Ол Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді. Головкин карьерасын аяқтай ма, білмеймін, алайда Мунгия онымен жұдырықтасуға даяр. Неге осы жекпе-жекті ұйымдастырмасқа?" - дейді Оскар Fight Hub TV YouTube-арнасына берген сұхбатында.