Әйгілі промоутер боксшылардың ораза ұстауына қатысты ойын ашық айтты

©xsport.ua

Әйгілі промоутер Боб Арум кәсіпқой боксшылардың ораза тұтқандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды fightnews.info.

"Мен өз дінімді ұстанамын, бірақ мұсылмандардың бір ай бойы ауыз бекітіп жүретінін ескеру керектігін түсінемін. Жәнібек Әлімханұлына ораза ұстау қиындық тудырмайды. Жәнібек ауыз бекітеді, ашқаннан кейін жаттыға береді. Ал Артур Бетербиев үшін бұл қиын. Ол оразасын ашып, тамақтанғаннан соң дұрыс жаттыға алмайтынын айтқан. 

Сондықтан бұл жерде бәрі жеке адамға байланысты. Бірі орза ұстап, жаттыға бере алады. Ал көбі шынымен олай ете алмайды. Мен мұны түсінемін. Күні бойы ораза ұстаған соң, залға қай уақытта барсын?" - дейді Арум. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар