Жартылай орта салмақта WBO чемпионы болған Джефф Хорн (20-3-1, 13 КО) карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BoxingScene.com.
Аустралиялық боксшының сөзінше, ол рингке оралу үшін миллион доллар төлеуге дайын ұсынысты қабыл алмаған. Енді Хорн бокс орнына Аустралияның Квинсленд штатында мектептегі буллингпен күреспек.
"Боксшы ретінде жақсы уақыт өткіздім, бұл сөзсіз, ал енді менің маңыздырақ ісім бар. Мен әрбір баланы қорғауға тырысамын. Балалардың көзінен менің сөзіме сенетіндерін көремін, ал бұл олардың өмірін өзгертуде", - дейді Джефф.
Еске салайық, Хорнның аты қатты шыққан кез 2017 жыл еді, ол уақытта Джефф әйгілі Мэнни Пакьяоны титулды айқаста жеңген болатын. Осы кездесуден кейін ол WBO титулын бір рет қана қорғап, Теренс Кроуфордпен жекпе-жекте оңбай таяқ жеп, чемпиондығынан айрылып қалды.