46 жастағы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (62-8-2, 39 КО) қайтадан рингке оралады. Жексенбі Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде ол америкалық Марио Барриостан (29-2-1, 18 КО) WBC титулын тартып алуға тырысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл айқасқа дейін Пакьяо қазіргі таңдағы ең мықты төрт боксшыны атады.
vRINGe.com мәліметінше, алдымен Мэнни жапониялық Наоя Иноуэні атады, ол екінші жеңіл салмақта абсолют чемпион. Екінші орында суперорта салмақта абсолют чемпион мексикалық Сауль Канело Альварес екен. Үшінші орынға қыркүйек айында Канеломен кім мықтыны анықтайтын америкалық Теренс Кроуфордты қойды.
Тізімдегі төртінші орында ауыр салмақтағы украиналық боксшы Александр Усик тұр, ол осы сенбіде абсолют әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэниел Дюбуамен қарымта айқас өткізеді.