Әйгілі мексикалық бапкер Головкин - "Канело" айқасына болжамын айтты

©USA TODAY Sports

Мексикалық белгілі бапкер Игнасио "Начо" Беристайн отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) және Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Мексикалық боксшы жұдырықтасатындықтан қуаныштымын. Бірақ оның қарсыласы да осал емес екенін мойындау керек. Ол тамаша боксшы және өз мүмкіндігін пайдалануға тырысады. Головкин бізді таңдандыруы да мүмкін. 

Жоқ, ол жеңеді деп ойламаймын. "Канело" - үлкен ақша түсіретін боксшы, дегенмен, Головкин барын салады. Мен Геннадий шыққан елдің боксшыларын әуесқойдан білемін, өте мықты", - дейді маман. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар