Әйгілі Костя Цзюдың ұлы жапон қарсыласын сабап тастады

©championat

Тим Цзю кәсіпқой рингтегі 20 жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Аустралиядағы бокс кешінде әйгілі Костя Цзюдың үлкен ұлы Тим Цзю жапониялық Такеши Иноуэмен жұдырықтасты. Бірінші орта салмақта WBO Global және WBO Asia Pacific белбеулері сарапқа түскен айқас толыққанды 12 раунд жалғасты. Әр раундта белсенді болған Цзю қарсыласын соңғы раундта соққының астында қалдырып, нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен Цзю жеңіске жетті.

Осылайша, 27 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой карьерасында қатарынан 20 жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр.  

Еске салайық, Тимнің әкесі Костя Цзю WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлемнің  абсолют чемпионы атанған.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: