Бірінші орта салмақта сынға түсіп жүрген Тим Цзю жапониялық Такеши Иноуэмен өтетін жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жапон боксшыларының ерекшелігі – оларға соққы жасаған сайын алға қарай жүре береді. Мұндай сәтте не істеріңді білмей абдырап қаласың. Психологиялық тұрғыда қиын. Осындай кезде ең бастысы – тайминг. Алдағы айқаста өзімнің бокстағы IQ-імді көрсетем. Күншығыс елінің былғары қолғап шеберіне қарсы кездесуде маған жинақы болу керек. Стратегия қою қажет", - дейді Цзю.
Еске салайық, 17 қарашада Аустралияның Сидней қаласындағы кәсіпқой бокс кешінде Тим Цзю мен жапониялық Такеши Иноуэ жұдырықтасады.
Тим Цзю белгілі ресейлік және аустралиялық экс-кәсіпқой боксшы Костя Цзюдың үлкен ұлы. Костя Цзю кезінде әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар, екі рет Еуропа чемпионатының алтын жүлдегер атанды. Кәсіпқой карьерасында WBC, WBA және IBF титулдарын иеленіп, абсолют чемпион болған.