Әйгілі Канелоның мұрасына үлкен дақ түседі

©twitter.com/Canelo

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварестің (60-2-2, 39 КО) мұрасына дақ түсетін болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Мұндай пікірді тегі мексикалық боксшы Давид Бенавидестің (28-0, 24 КО) промоутері Сэмпсон Левковиц айтты. 

vRINGe.com, мәліметінше Канело екі салмақта абсолют чемпион болған Теренс Кроуфордпен (40-0, 31 КО) де,  Бенавидеспен жұдырықтасқысы келмейді.

"Канело Альварес өз мұрасын қалдырады, бірақ ол мұраға дақ түседі, өйткені ол қазіргі таңда ең мықтымен, яғни, Бенавидеспен жұдырықтаспайды. Оның балалары және немерелері одан кейін сұрайтын шығар, неге ол Бенавидеспен айқаспады деп. Өйткені ол (Канело) мықты жекпе-жектер қалайтынын айтып келеді, ал осыдан артық қандай мықты айқас болады. Қазіргі таңда ол америкалық боксшымен жұдырықтасатынын айтыпты, шамамен кім екенін білеміз. Кім екенін нақты айта алмаймын, тек білетінім оның мұрасында дақ болады", - дейді промоутер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар