Әйгілі Хирн өзбек боксшыны "Жаңа Головкин" деп атады

©Anhor.uz

Британиялық атақты промоутер Эдди Хирн бірінші орта салмақта WBA чемпиондығы үшін өзбекстандық Исраил Мадримов (10-0-1, 7 КО) пен ресейлік Магомед Курбанов (25-1, 13 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

8 наурыз Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өткен жекпе-жекте Мадримов бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, ол карьерасында бірінші рет әлем чемпионы атанды, ал Курбанов алғаш рет жеңіліп отыр.  

"Мына жігіт - жыртқыш. Бұл - жаңа Геннадий Головкин, Курбановты оп-оңай жеңе салды. Бұл есімді жаттап алыңыздар, өзбектің күші, Исраил Мадримов бірінші орта салмақтағы белбеулер үшін айқасады", - деп береді Хирннің сөзін BoxingScene.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар