Әйгілі чемпион бейтаныс адамды көшеде неге ұрып құлатқанын айтты
Украиналық боксшы Александр Усик он жыл бұрын басынан өткен оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
Украиналық боксшы Александр Усик он жыл бұрын басынан өткен оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".
"Иә, бетінен ұрып жібердім. Өте ірі жігіт еді. Украинаның бір қаласында едім, досымның әйелімен сөйлесіп тұрғанмын. Қасымызда бір топ жігіт тұрды. Біреуі әскерден келіпті. Өзін тым дөрекі ұстады. Жан-жағына тиісіп. "Бұл жерден кету керек, арты жақсы болмайды" дедім. Біз кете бастағанда олар бірден маған өте жаман сөз айтты. Қазір орнына қоймасам, бұл басқаларға да осылай тиіседі деп ойладым. Бір ұрдым. Сол қолыммен бір соққы жеткілікті болды", - дейді Усик.
35 жастағы Усик ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO чемпионы екенін айта кетейік.
Жарнама