Бокс
9 тамыз 2023 09:57

Әйгілі бапкер "Канелоның" алдағы айқасы немен бітетінін айтты

©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Канело Альварес (59-2-2, 39 КО) америкалық Джермелл Чарлоны (35-1-1, 19 КО) жеңеді деген ойда, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 30 қыркүйек Лас-Вегаста өтеді. 

"Кастаньомен бірінші жекпе-жекте Джермелл аса жақсы жұдырықтаспаған шығар. Айқасқа жақсылап дайындалмаған болса керек, бірақ Альвареспен кездесуге барын салып дайындалады деп ойлаймын. Жекпе-жек басында "Канелоға" қиын болады, алайда ақыры Альварес оны жеңеді, тіпті Чарлоны нокадаунға да түсіреді деген ойдамын. Сауль төрешілер шешімімен, шамамен айтқанда - 116-112 есебімен жеңеді деп есептеймін", - деп береді Санчестің сөзін Boxingnews24.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport