Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазір комментатор және сарапшы Андре Уорд қазіргі таңдағы ең мықты боксшыны атады.
Уордтың ойынша, қазіргі таңда жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Теренс Кроуфордқа (40-0, 31 KO) жететін боксшы жоқ.
"Теренс Кроуфорд - әлемдегі ең мықты боксшы. Ол ұзақ уақыттан бері ең мықты болып отыр", - деп жазыпты Уорд твиттер желісінде.