Оңтүстік Африкада бокстан бұрынғы әлем чемпионы Золани Тетені атып кетті. Қайғылы оқиға 21 тамыз кешінде болған, деп хабарлайды Vesti.kz "Спортс" басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаруланған екі адам 38 жастағы спортшыны өз үйінің қақпасы алдында атып кеткен. Тетенің жанында болған 27 жастағы әйел де жарақат алған. Алайда ол аман қалыпты. Қылмыс жасағандар әзірге ұсталған жоқ.
Золани Тете кәсіпқрой карьерасында WBO ұйымының ең жеңіл салмақтағы және IBF ұйымының аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеулеріне ие болған.
Ол кәсіпқой рингте 33 жекпе-жек өткізіп, 29 рет жеңіске жеткен және төрт рет жеңілген. Тете соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізген болатын.
Жарнама