Әйелдер арасында бокстан келесі әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды

©iba.sport

Бокстан әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнир Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық бокс ассоциациясының (IBA) президенті Умар Кремлев айтты. 

"Үндістанда бокс керемет дамыған. Сондықтан да бұл елде әлем чемпионатын өткізу туралы шешім шығардық", - деді Кремлев. 

Айта кетейік, Ыстамбұл қаласында өткен соңғы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бір күміс және төрт қола жүлде жеңіп алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport