"Айдос қауіпті қарсылас...". Әлем чемпионы қазақ бкосшымен айқас туралы

©Fightnews.info

Екінші орта салмақта WBA "регуляр" белбеуіне ие кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) Айдос Ербосынұлымен (16-0, 11 КО) айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

12 раундты жекпе-жек 5 қараша Миннеаполис (Миннесота, АҚШ) қаласында өтеді және Showtime мен PBC ұйымдастыратын бокс кешінің басты оқиғасы болады. 

"5 қарашада екінші орта салмақта ең мықты боксшы екенімді тағы бір паш етемін. Ербосынұлы қауіпті қарсылас, ол жеңіліп көрмеген. Оны жеңіп, мен аты шыққан боксшылармен айқаса аламын. Мен ұлттық аренада жарқырайтын келесі жұлдыз боламын. Миннесота дайын бол, сенің ұлың үлкен шоу көрсетеді", - деп береді боксшының сөзін Boxingscene.com.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар