Бокс
27 сәуір 2021 17:03

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды. Боксшы карьерасындағы ең маңызды айқасқа шыға алмады

Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) сауығып келеді. Мәлімет көзінің Vesti.kz тілшісіне боксшы COVID-19 вирусын жеңіп, қалыпқа келіп жатқанын хабарлады. 

Қазіргі таңда Айдос Қазақстанда. Оның келесі жекпе-жегі қашан және қай уақыттан бастап жаттыға бастайтыны белгісіз.

Ербосынұлы 17 сәуір Германияда ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6 КО) жұдырықтасу керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантқа міндетті қарсылас атану керек еді.

Алайда Айдос коронавируске шалдыққандықтан жекпе-жек өтпей қалды. Осыдан кейін Шведенко бұл ақпараттың растығына күмән келтірді, ол оның бапкері Эдди Крофт қазақстандықты өтірік айтты деп айыптады. Дегенмен қазақстандық боксшының командасы Айдостың коронавирус инфекциясына шалдыққанын растады.