Бокс
27 сәуір 2021 17:03
 

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды. Боксшы карьерасындағы ең маңызды айқасқа шыға алмады

  Пікірлер

blog.share

Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды. Боксшы карьерасындағы ең маңызды айқасқа шыға алмады Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) сауығып келеді. Мәлімет көзінің Vesti.kz тілшісіне боксшы COVID-19 вирусын жеңіп, қалыпқа келіп жатқанын хабарлады. 

blog.share

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) сауығып келеді. Мәлімет көзінің Vesti.kz тілшісіне боксшы COVID-19 вирусын жеңіп, қалыпқа келіп жатқанын хабарлады. 

Қазіргі таңда Айдос Қазақстанда. Оның келесі жекпе-жегі қашан және қай уақыттан бастап жаттыға бастайтыны белгісіз.

Ербосынұлы 17 сәуір Германияда ресейлік Евгений Шведенкомен (15-0, 6 КО) жұдырықтасу керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантқа міндетті қарсылас атану керек еді.

Алайда Айдос коронавируске шалдыққандықтан жекпе-жек өтпей қалды. Осыдан кейін Шведенко бұл ақпараттың растығына күмән келтірді, ол оның бапкері Эдди Крофт қазақстандықты өтірік айтты деп айыптады. Дегенмен қазақстандық боксшының командасы Айдостың коронавирус инфекциясына шалдыққанын растады. 

Жарнама

Живи спортом!