Жекпе-жек 14 тамызға белгіленген. Жекпе-жектің өтетін орны мен қарсыласы кейін белгілі болады. Қазіргі таңда Ербосынұлының командасы Ресей, Аустралия және Канаданы қарастырып отыр екен.
Айта кетейік, соңғы рет Ербосынұлы наурыздың 24-нен 25-не қараған түні "Алматы Аренада" өткен бокс кешінде жұдырықтасты. 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы "Талқандаушы" лақап атымен белгілі намибиялық Лукас Ндафолум болды. Кездесу толық он раунд өтіп, Ербосынұлы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, ол WBO Global мен WBC Asia титулдарын қорғап қалып, бос болған WBA Inter-Continental белбеуін иеленді.
Ербосынұлы "Талқандаушыны" жеңген жекпе-жектің толық видеосы
Бұл жетістік арқасында Ербосынұлы екінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде 70-ші орынға көтерілді және WBA рейтингінің ТОП-10 тізіміне енді. Қазақстандық боксшы 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (8 нокаут). Боксшы карьерасында Ресей, Украина, АҚШ және Қазақстанда жұдырықтасты.