auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Айдос Ербосынұлы WBA, WBC және WBO жүйесіндегі титулдарын қорғайтын күн белгіленді

Боксшы WBA рейтингінің ТОП-10 тізімінде.

Айдос Ербосынұлы WBA, WBC және WBO жүйесіндегі титулдарын қорғайтын күн белгіленді
© Suleiman Promotions
0
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) өзінің аймақтық WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулерінің қорғайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

Жекпе-жек 14 тамызға белгіленген. Жекпе-жектің өтетін орны мен қарсыласы кейін белгілі болады. Қазіргі таңда Ербосынұлының командасы Ресей, Аустралия және Канаданы қарастырып отыр екен. 

Айта кетейік, соңғы рет Ербосынұлы наурыздың 24-нен 25-не қараған түні "Алматы Аренада" өткен бокс кешінде жұдырықтасты. 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы "Талқандаушы" лақап атымен белгілі намибиялық Лукас Ндафолум болды. Кездесу толық он раунд өтіп, Ербосынұлы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімі бойынша жеңді. Осылайша, ол WBO Global мен WBC Asia титулдарын қорғап қалып, бос болған WBA Inter-Continental белбеуін иеленді.

Ербосынұлы "Талқандаушыны" жеңген жекпе-жектің толық видеосы

Бұл жетістік арқасында Ербосынұлы екінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде 70-ші орынға көтерілді және WBA рейтингінің ТОП-10 тізіміне енді. Қазақстандық боксшы 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (8 нокаут). Боксшы карьерасында Ресей, Украина, АҚШ және Қазақстанда жұдырықтасты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар