Екінші орта салмақта WBA чемпионына қарсылас атанған қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) осы мүмкіндікке жол ашқан жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өткен "Көшпенділер шайқасы 2" атты бокс кешінде Айдос гайаналық Аллен Ленноксты (22-2-1, 14 КО) оныншы раундта нокаутқа түсірді.
"Жеңіс құтты болсын қазақ елі. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады бұл жеңіс!", - деп жазыпты Айдос Instagram желісінде.