Айдос Ербосынұлы Америкада бокс аңызымен кездесіп келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақ боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегіне дайындық өткізу үшін Лос-Анджелеске барды. 

Instagram желісінде Айдос аты аңызға айналған бұрынғы әлем чемпионы Джеймс Тонимен кездесуінің суреті мен видеосын жариялаған. Боксшының сөзінше, келесі айқасын ол Америкада өткізеді.

Мұның алдында Ербосынұлы рингке 17 сәуірде оралып, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атану үшін жұдырықтасатыны хабарланған еді. Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы ресейлік Евгений Шведенко (15-0, 6 KO) болады. Бұл кездесу Германияда өту керек болған, алайда, бокс кешінің өтетін орны өзгергенге ұқсайды. 

Кейінгі рет Ербосынұлы желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, ганалық Исса Самирді нокаутқа түсірген.