Бокс
Бүгін 10:05
 

Айдос Ербосынұлы 4 жылдық үзілістен кейін қайта жұдырықтасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Айдос Ербосынұлы 4 жылдық үзілістен кейін қайта жұдырықтасатын болды ©instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақта өнер көрсеткен Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) төрт жылға жуық үзілістен кейін келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екінші орта салмақта өнер көрсеткен Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) төрт жылға жуық үзілістен кейін келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ербосынұлы рингке оралады

"Оралатын сәт келді. Ұзақ үзілістен кейін 6 қараша күні шаршы алаңға қайта ораламын. Алла жазса ең үлкен белестерді бағындыру менің басты мақсатым. Қазан қаласында кездескенше!" - деп жазды Ербосынұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Оның қарсыласы әзірге белгісіз.


Боксшы ұзақ уақыт қалпына келді

Еске салайық, 2022 жылдың қарашасында Ербосынұлы кубалық Дэвид Морреллден (12-2, 9 КО) ауыр нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшының миына қан құйылып, ауруханаға жеткізілді және жасанды комаға түсірілді. Кейін оған ота жасалды.

Содан бері Ербосынұлы ұзақ уақыт бойы оңалту кезеңінен өтті.

Бір кездері қазақстандық боксшы атақты мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (63-3-2, 39 КО) спарринг-серіктесі болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!