Бокс
Кеше 14:19

Айбек Оралбайға үш дүркін Азия чемпионы атануға бір қадам қалды

©ҚБФ

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде оның қарсыласы Түрікменстан боксшысы Довлет Исламов болды.

Үш раундқа созылған тартысты кездесу төрешілердің шешімімен Айбек Оралбай пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы финалға өтіп, ұлттық құрама қоржынына кемінде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Айбек Оралбай - Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024) және 2025 жылғы әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport