Бокс
2 мамыр 2023 09:23
 

Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді

  Пікірлер

blog.share

Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді ©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ташкенттегі әлем чемпионатындағы алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ташкенттегі әлем чемпионатындағы алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келі салмақта өнер көрсететін Айбек болгариялық боксшы Радослав Панталеевпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақ боксшыға берді. Ал бірінші раундта Айбек қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. 

Енді 1/16 финалда Айбек Оралбай италиялық боксшы Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі. Ол өткен әлем біріншілігінде күміс жүлде иеленген; сонымен бірге, ол Еуропа чемпионы, Еуроoдақ чемпионы және Орта теңіз ойындарының екі дүркін жеңімпазы.

Ал қазақстандық боксшы 2022 жылы Азия чемпионы атанған және жастар арасындағы Олимпиаданың жеңімпазы (2018).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!