Айбек Оралбай Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысынан жеңілді

©AIBA

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Белградтағы (Сербия) бокстан әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ауыр салмақта (92 келі) сынға түсетін боксшымыз турнирдің 1/8 финалында Өзбекстан құрамасының намысын қорғайтын қазақ боксшы Мадияр Саидрахмановпен кездесті. Айқастың бірінші раундында Оралбай қарсыласын нокдаунға түсірді. Бірақ екінші кезеңде Саидрахманов есесін қайтарып, қазақстандық боксшысыны есеңгіретті. 

Ал шешуші үшінші раунда өзбекстандық боксшының мерейі үстем болып, 1/4 финалға жолдама алды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының боксшыларынан Саматәлі Төлтаев (60 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі) және Теміртас Жүсіпов (48 келі) ширек финалға шыққан болатын. 

Ал Бек Нурмаганбет (86 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) әлем біріншілігінің бірінші айналымынан сүрінді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар