Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан құрамасының капитаны 90 келіден жоғары салмақта финалдық жекпе-жек өткізді. Оның қарсыласы 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Өзбекстан боксшысы Жахонгир Зокиров болды.
Алғашқы раунд Айбектің пайдасына шешілді - 3:2. Екінші раундта қазақстандық боксшы анық басымдық танытты - 5:0. Үшінші раундта да Оралбай төрешілердің бөлек шешімімен алда болды - 4:1. Осылай жекпе-жектің жалпы қорытындысы Айбектің пайдасына 5:0 болды.
Осылайша, Оралбай Қазақстан қоржынына 11-алтынды салды. Жахонгир Зокиров күміс иеленсе, қола жүлде Үндістан боксшысыі Нарендер мен ирандық Амир Исмаилиге бұйырды.
Еске салайық, бұған дейін Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алған еді. Бұл - Қазақстан боксы үшін Азия ойындарындағы 12 жылдан кейінгі ең жоғары дәрежелі алғашқы жүлде болды.